Астана. 2-қазан. «Қазақстан Бүгін» — Алматы облысында көлік апатының салдарынан бір адам қайтыс болып, үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Атап айтқанда, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, «1-қазанда 20.20 «Тойота-Авалон» көлігінің жүргізушісі «Тойота-Камри» көлігімен соғылған.
«Жол көлік апатының салдарынан «Тойота-Камри» көлігінің жүргізушісі апат болған жерде көз жұмып, үш адам ауруханаға жеткізілді»,- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті