Алматы облысында мектепте ақша жинауға қарсы шаралар қолға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында мектепте ақша жинауға қарсы шаралар қолға алынды

Алматы облысында мектепте ақша жинауға қарсы шаралар қолға алынды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасы ата-аналарға брошюралар таратып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 10 Қараша 2017
  • 226
Фото - Caravan.kz

Брошюраларда мектептерге және балабақшаларға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражаттар туралы толық ақпарат көрсетілген. Оның мақсаты — ата-аналардың бала оқытуда артық қаражаттың шығындалмауына көмектесу. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Асқар Садықов мәлім етті.

Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының құрылуы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Жалпы облыс аймағында «Адал ұрпақ» клубының саны 743-ке жетіп, оған 163 058 оқушы мүше болып енген.

Сондай-ақ, 2017 жылдың соңына дейін мектепке дейінгі балаларды білім беру ұйымдарына кезекке қоюдың автоматтандырылған жүйесін енгізуді қаржыландыру мәселелері қарастырылды.


«Облыстық білім басқармасымен бірлесіп жалпы мектепішілік жиналыстар аясында аудан, қалаларда ата-аналарға аталған ақпаратты түсіндіру бойынша жұмыстар арнайы кестеге сәйкес басталды. Ақпараттық-түсіндірме жұмыстары келесі жылдың аяғына дейін облыс бойынша әр мектепте өткізілетін болады. Ал заңсыз ақша жинау деректері анықталса, сәйкесінше тиісті іс-шаралар қолданылады», — деп қорытындылады А.Садықов.

 

Соңғы жаңалықтар