Алматы облысында "Общества сознания Кришны" бірлестігінің үй-жайларының пайдалануға берілуі жөніндегі шешімнің күші жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында "Общества сознания Кришны" бірлестігінің үй-жайларының пайдалануға берілуі жөніндегі шешімнің күші жойылды

Алматы облысында "Общества сознания Кришны" бірлестігінің үй-жайларының пайдалануға берілуі жөніндегі шешімнің күші жойылды

Алматы. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қарасай ауданының әкімі Аңсар Мусаханов "Общества сознания Кришны" бірлестігінің Алматы облысы Қарасай ауданы Мерей шаруа қожалығының аумағындағы үй-жайларының пайдалануға берілуі жөніндегі шешімнің күшін жойды. Бұл туралы агенттікке бірлестіктің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 14 Шiлде 2008
  • 355
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осы жылдың 11 шілдесінде Қарасай ауданы әкімдігінің бастамасымен «Общества сознания Кришны» бірлестігінің жетекшілері аудан әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигедиевпен кездесті. Әкімдік әкімшілігінің басшысы Қаныбек Сейітжанов, әкімдіктің заңгерінің көзінше Бигедиев бірлестік басшыларына ауданның бұрынғы әкімі Құтпановтың 2001 жылғы «Мерей» шаруа қожалығындағы «Общества сознания Кришны» бірлестігіне қарасты үй-жайлар, саяжайлар мен барлық ғимараттардың пайдалануға берілгені жөніндегі шешімінің күші жойылғаны туралы құжатты таныстырған. Оған ауданның қазіргі әкімі А. Мусаханов қол қойған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті