Алматы облысында өрт салдарынан бес адам, соның ішінде екі бала қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында өрт салдарынан бес адам, соның ішінде екі бала қаза тапты

Алматы облысында өрт салдарынан бес адам, соның ішінде екі бала қаза тапты

Алматы. 11 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында өрт салдарынан бес адам, соның ішінде екі бала қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Ақпан 2008
  • 353
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, 10 ақпанда Мыңбаев ауылында 00 сағат 28 минутта екі пәтерлі үйде өрт шығып, соның салдарынан үйдің шатыры мен үй қабаттарының арасындағы жабын құлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өртті сөндірген кезде бес адамның мәйіті табылды. Қаза тапқандардың арасында 1 мен 7 жас аралығындағы екі бала бар.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, өрт 4 сағатта ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен 6 адамының қатысуымен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті