Алматы облысында парашютпен секіру кезінде әскери қызметші қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында парашютпен секіру кезінде әскери қызметші қаза болды

Алматы облысында парашютпен секіру кезінде әскери қызметші қаза болды

Туыстарының өтініші бойынша өзге ақпарат жария етілмейді, делінген ресми хабарламада.

  • 16 Қыркүйек 2021
  • 69
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде Қарулы күштердің әскери қызметшісі қаза болды, деп хабарлады Caravan.kz медиа порталы Sputniknews.kz -ке сілтеме жасап.

"14 қыркүйекте Алматы облысында парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшісі, әскери шені "капитан", 1990 жылы дүниеге келген офицер қаза тапты. Туыстарының өтініші бойынша өзге ақпарат жария етілмейді", — делінген хабарламада.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, бұрын ол 50-ге жуық парашютпен секіруді орындаған. Штаттан тыс парашютті-десант құтқарушылар тобының құрамына кірген.


Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталуда.

"Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Қарулы күштердің жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады", — деді ведомстводағылар.

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар