Алматы облысында полиция қызметкерлері зейнеткерлердің 10 млн теңгесін қайтарып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында полиция қызметкерлері зейнеткерлердің 10 млн теңгесін қайтарып берді

Алматы облысында полиция қызметкерлері зейнеткерлердің 10 млн теңгесін қайтарып берді

Алматы. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының Сарқанд аудандық ішкі істер органының қызметкерлері зейнеткерлердің шамамен 10 млн теңгесін қайтарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 28 Шiлде 2008
  • 418
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сарқанд аудандық ІІО-на Алмалы ауылындағы «Қазпошта» бөлімшесінің меңгерушісінің үйіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабар келіп түскен. «Әйел адам оның үйіне бетперде киген 4 жігіт шабуыл жасап, оның күйеуі мен екі баласын байлап-матап, ұрып-соғып, 9 млн 983 мың теңгені алып кеткенін айтқан. Бұл ақша ауыл тұрғындарының шілде айындағы зейнетақыларын төлеуге арналған болатын», — деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Полиция қызметкерлері бірнеше күннің ішінде екі күдіктіні қолға түсірген. ІІО қызметкерлерінің пайымдауынша, олар осы шабуылға қатысқан.

Қазіргі уақытта күдікті үшеу де тұтқындалған. Қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті