Алматы облысында шетел азаматтары мәжбүрлі түрде елден шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында шетел азаматтары мәжбүрлі түрде елден шығарылды

Алматы облысында шетел азаматтары мәжбүрлі түрде елден шығарылды

Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 14 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.

  • 14 Желтоқсан 2021
  • 198
Фото - Caravan.kz

 Алматы облысында 16 шетел азаматы мәжбүрлі түрде елден шығарылды, деп хабарлайды Sputniknews.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысында іс-шарасының төрт күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 667 құқық бұзушы анықталды. Жеке басын куәландыратын құжатсыз және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ ТМД-ның 29 азаматы қабылдау-тарату орындарына жеткізілді.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған 175 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 14 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.

"Заңсыз көші-қон ұйымдастырудың төрт дерегі тіркелді. Мәселен Қарасай ауданының аумағында құрылыс нысанында жеке тұлғадан заңсыз еңбек еткен 13 шетелдік анықталды, жұмыс беруші және көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады Алматы облысы полиция көші-қон қызметі басқармасының бастығы Эльмурат Нурсейітов.


Сондай-ақ “Мигрант” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында оларға қатысты Алматы облысының соттары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығару туралы шешім қабылдаған 16 шетелдік анықталды. Аталған шетелдіктер мәжбүрлі түрде елден шығарылды.