Алматы облысында студент қызды ұрлаған қаскөй ұзақ мерзімге сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында студент қызды ұрлаған қаскөй ұзақ мерзімге сотталды

Алматы облысында студент қызды ұрлаған қаскөй ұзақ мерзімге сотталды

Алматы облысында студент қызды ұрлап әкетіп, 4 күн қамауда ұстаған азаматқа жаза кесілді. Бұрын да төрт рет сотталған 45 жастағы Игорь Токарев бұл жолы 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

  • 21 Сәуiр 2016
  • 434
Фото - Caravan.kz

Түрмені екінші үйіндей қылған Токарев соңғы төрт ай ішінде адам тонау, көлік ұрлау, қыз ұрлау, зорлау сынды 16 қылмыс жасапты. Ақырында такси ұстап тұрған 20 жасар Айзада Авлатарованы алып қашып, 4 күн бойы қамап қоюға дейін барған. Қаскөй өткен жылдың желтоқсан айында нақ осы әрекетінен кейін ұсталған болатын. Жасы елуге таяса да желігі басылмаған Токарев жасаған қылмысының бәрін мойындады. Әр іс бойынша жаза кескен судья 40 жылға қамауы тиіс еді. Алайда, неге екені белгісіз, жаза мерзімін 15 жылға дейін қысқартты. Сондай-ақ, Токарев сот шығыны үшін 2 миллион 233 мың, ал жәбірленушілердің біріне 1 миллион 353 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.