Алматы облысында трансформатор сымы тұйықталып, бүкіл техника күйіп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 607.91
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында трансформатор сымы тұйықталып, бүкіл техника күйіп кетті

Алматы облысында трансформатор сымы тұйықталып, бүкіл техника күйіп кетті

Тәлкекке салған трансформатор! Алматы облысында электр сымының қысқа тұйықталуынан бүтіндей бір ауылдың тұрмыстық техникалары күйіп кеткен. Әбден ескірген трансформаторда қарапайым техника талаптары сақталмаған. Салдарынан Таңбалытас ауылының тұрғындары қыруар шығынға батты.

  • 7 Тамыз 2015
  • 336
Фото - Caravan.kz

Кімнен төлемақы ала аламыз? Мың доллардың дәәәу холодильнигі күйіп кетті. Маған кім төлейді? Халық естісін деп отырмыз ғой, жоғары жақ естісін. Естісін деп отырмыз ғой…

20 шақты тоңазытқыш, 40-қа жуық теледидар, тағы осынша компьютер және басқа да көптеген электр құралдары істен шыққан. Бұл тек осы жерге жиналған жұрттың тізіп берген техникалары. Ал, жалпы, электр сымының қысқа тұйықталуынан Таңбалытастағы 300-ге тарта түтіннің басым бөлігі зардап шеккен.

Әбен Мыңбасов, Таңбалытас ауылының тұрғыны:

— Бұл трансформатордың обслуживать еткеніне бірнеше жыл болған. Трансформатордың ішінде майы жоқ. Оның үстіне контрзаземлениесі жоқ, тексерілмеген. Провод, кабельдер голый. 07:54 Предохранительный ставкалары болмаған.Орнына некалиброванный алюминевый проволкалар оралған.

Бұл кісінің үйінде ұсақ-түйек заттарын айтпағанның өзінде, компьютер жабдықтары мен кабельдік телеарна аппараты күйіп кеткен. Сондай-ақ, тоңазытқышы да осымен екінші рет бұзылып отыр екен. Мұндағы қайсыбір үйге кірсеңіз де осындай жағдай. Тоққа тығылған техника атаулы түгел істен шыққан.

— Фильтр сгорел, здесь включенная была сотка, сгорела, а вот это, который сгорел компьютер.

Ал ауылдың жартысынан астамын тоқпен қамтамасыз етіп тұрған трансформатордың күйі мынау. Аса қауіпті жердің есігі құр сыммен ғана бекітілген. Кім көрінген кіріп кете береді. 6 мың вольттық қуаты бар мына бөлмеде сыраның бөтелкелері жатыр. Трансформаторда тіпті, тоқ қуатын шектейтін сақтандыру тетігі де жоқ. Оның осылай ашық-шашық жатуы салдарынан тоққа түсіп жатқандар да аз емес екен. Екі жыл бұрын мына бала ойнап жүріп сондай оқиғаға тап болған. Әйтеуір, Құдай сақтап, аман қалыпты. Ал бұл жағдайға қатысты әкім-қаралардың жауабы әдеттегідей.

Қуаныш Мұратбекұлы, Талдыбұлақ ауылдық аймағының әкімі:

— Былтыр биылғы жылға 43 миллион ақша бөлініп, осы мәселе қаралып жатыр. Қазір жасалып жатыр, 55 үйге жаңадан қойылды. Ескі трансформатордың бәрі шетінен өшіріліп, жаңаға қосылып жатыр. Осы августің аяғына дейін түгелдей жаңа линияға қосылып, бәрі орнына келеді.

Алайда ауылдықтардың әкімнен мұндай құрғақ уәде естіп келе жатқандарына неше жыл?! Ескі трансформатордың мәселесі енді шешілмесе, олардың бар қолдан келетіні – жоғары органдарға хат жаза бермек. Ал әзірге жанып кеткен техникаларын жөндету үшін қыруар қаржы жұмсап, Алматыдан арнайы бригада шақыртқалы отыр.