Алматы облысында туған әкесінен бас тартқан балаларына іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында туған әкесінен бас тартқан балаларына іздеу жарияланды

Алматы облысында туған әкесінен бас тартқан балаларына іздеу жарияланды

Бала-шағасы тастап кеткен ақсақал жалғыздықта өмірмен қоштасуы мүмкін. Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында жүріп-тұра алмайтын 70-тен асқан қарияның мүшкіл халін бұған дейін де көрсеткенбіз. Осыдан кейін әлеуметтік қызметкерлер апта сайын келіп, қол ұшын созғанымен, одан қарияның жағдайы оңала қоймапты. Бала-шағасы болса, сол күйі төбе көрсетпеген. Сөйлеуден де қалған қарттың қазір есі де кіресілі-шығасылы. Нәжісіне аунап жатқан оны бүгін ақыры психдиспансер дәрігерлері алып кетті.

  • 22 Шiлде 2015
  • 345
Фото - Caravan.kz

Аяқ-қолы ісіп, денесі шіри бастаған Тұрсын Тоқтарбаевтың қазіргі жағдайы осы. Жасы жетпістен асып, өмірінің соңғы үш жылын төрт қабырғада өткізген ақсақалды бала-шағасы тастап кеткен. Жылай-жылай қазір көзі де көрмей, сөйлеуден де қалыпты. Көрші-қолан қолдарынан келгенше тамақ беріп, күтім жасауға тырысады. Қартайғанда әкесін жападан-жалғыз қалдырған қыздарға олар да өкпелі.

Нағима Басжанова, көршісі:

 –Банкте істейді, біреуі әуежайда  істейді. Мен танымаймын, көрген емеспін. Осы жерде тұрғаныма 8 жылдан асты, әйелін көрген емеспін, танымаймын. Өзі көмірге ақша берді деп айтатын. Ол бұдан 3 жыл бұрын болған. Соңғы екі жылда оған ешкім келген жоқ.

Қарттың мүшкіл жағдайы жайлы осыдан үш апта бұрын хабарлаған едік. Содан соң дәрігерлер Тұрсын ақсақалды ауруханаға жатқызып, екі мәрте ем-дом жасапты. Ал әлеуметтік қызметкерлер үйін біршама тазартқан.

Аня Құрбанова, көршісі:

– 3 айдан бері жатыр міне. Біз көршілер болып тамағын да әкеліп беріп жатырмыз.Тамақ та істеп үйін ақтап берді. Жаман болсын әке ғой. Әкенің қарғысы оқ, шешенікі боқ дейді.

Әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері ақсақалды қарттар үйіне орналастыруға дайын. Бірақ ол үшін жылдар бойы төбе көрсетпеген қарияның үш қызы одан ресми түрде бас тартуы тиіс. Сондықтан оларды іздестіруге енді полиция да атсалысуда.


Анар Бөлдешева, Жамбыл аудандық қарттар мен мүгедектерді қамқорлыққа алу жөніндегі бөлім меңгерушісі:

– Тоқтарбаева Баян Тұрсыновна, Тоқтарбаева Алма Тұрсыновнаның жұмыс орындары мен байланыс телефондарын біліп беруді сұрап отырмыз.Диагнозына сәйкес бұл кісіні тек психо-неврологиялық интернат үйіне өткізу керек. бұл кісіде мүгедектік жоқ. Тек қана зейнеткерлік. Мына диагнозымен ол қарттар үйіне де, мүгедектер үйіне де қабылданбайды.

Дегенмен нәжісіне аунаған қартты бүгін ақыры жедел жәрдем алып кетті. Тұрсын Тоқтарбаев әзірге психдиспансерде ем қабылдайтын болады.