Әйел Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша кәмелетке толмаған балаларды сатқаны үшін сотталды.
Алматы облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ол бес жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда айыпалушының балалары 14 жасқа толмауына байланысты оның жазасы кейінге шегерілді.
Айта кетсек, бұл үкімнің шығуына Талғар аудандық прокуратурасының тексерісі негіз болған. Белгілі болғандай, тергеу барысында әйел өз кінәсін толығымен мойындаған.
Еске салсақ, бұған дейін Өзбекстандық ерлі-зайыпты Алматыда жаңа туған сәбиді сатпақ болған еді.