Алматы облысында тұрғындар арық суын ішуге мәжбүр - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында тұрғындар арық суын ішуге мәжбүр

Алматы облысында тұрғындар арық суын ішуге мәжбүр

Орталыққа жақын тұрса да орта ғасырдың күйін кешкен ауыл! Бүгін Алматы облысына қарасты Бәйдібек ауылының тұрғындары осылай деп наразылық білдірді. Жұртты тарықтылған – ішер судың, жүрер жолдың, ең бастысы жылт еткен жарықтың жоқтығы. Мұның барлығын әкімдік осыдан 4 жыл бұрын жерді үлестіргенде  уәде еткен екен. Бірақ сол сөз күйі қалған. Ел еріксіз май шамға қарап, арық суын сүзіп ішуге мәжбүр. Ал балалар бірнеше шақырым жердегі мектепке жаяу қатынайды.

  • 17 Маусым 2015
  • 349
Фото - Caravan.kz

— Мына шаммен күн көреміз. Солярканың өзі кейде болады, кейде болмайды!

Гүлнар Тоқанова Бәйдібек ауылының алғашқы тұрғындарының бірі. 2 жыл бұрын осында жер алып, екі бөлмелі баспана салып алған. Содан бері жарық, су, жол сияқты бүгінгінің рахатын көре алмай жүр. Бәрінен де қараңғылықтан мүгедек қызы әбден қажыған.

Гүлнар Тоқанова Бәйдібек ауылының тұрғын:

— Мына жер қараңғы, қызым кейде жылайды қайда келіп қалдың деп. Жарық әне келеді, міне келеді деп түспейді.Балаларымыз теледидарды да ұмытты. Жаңалықты да ұмыттық.

Жарыққа Тоқановтар ғана емес, жалпы Бәйдібекке қоныс аударған 60 үйдің бәрі де зәру. Жұрт ауызсуға да жарыған емес. 4 жыл бұрын Нұра ауылдық округіндегі жерлер сатылғанда Талғар ауданы әкімдігі елге әдемі тұрмысты уәде еткен екен. Сөйтіп, әрқайсысы кемі 500 мың теңгеден 900 жер телімін үлестіріпті.

Зәуре Бекбауова, Бәйдібек аулының тұрғыны:

— Кейбір адамдар өздері қазып алған.Су қазуға жағдайы жоқ адамдар да бар. Оларға әкімшілік тасып береді. Аптасына бір рет. 200 литр ма, жоқ 30 литр. Бір аптаға 30-ақ литр.

Мұндағы тағы жоқтың бірі – жол. Ел аялдамаға дейінгі 10 шақырымды жаяу еңсеріп, әбден қажыған. Тарыққан тұрмысын бәйдібектіктер Талдықорғанға дейін жеткізген. Тек оған құр уәдеден басқа жауап келер емес. Аудандағылардың да жауабы әдеттегідей.


Еркебұлан Ұсманбаев, Талғар аудандық тұрғынүй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:

-Қазіргі таңда ауызсу мәселесі мен эелектр желісін қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, сметалық-жобалық құжаты әзірленіп жатыр. Халықтың шулағаны түсінікті. Бәрі жақса жерде тұрғысы келеді. Кішкене сабырлық танытып, күте тұрса.

Жалпы Талғар ауданда Бәйдібектен бөлек тағы бірнеше жаңа ауыл бой көтеріп үлгеріпті. Әрине, әзірге инфрақұрылым оларда да жоқ. Дегенмен әкімдік 2016 жылға дейінгі жағдайды реттейміз деп сеніпді отыр.