Алматы облысында үйінде екі арыстан ұстаған тұрғын анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында үйінде екі арыстан ұстаған тұрғын анықталды

Алматы облысында үйінде екі арыстан ұстаған тұрғын анықталды

Алматы облысында сирек кездесетін жануарларды заңсыз ұстаған азамат ұсталды.

  • 4 Мамыр 2023
  • 20
Фото - Caravan.kz

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 4 мамыр жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері сирек кездесетін жануарларды, атап айтқанда 5 айлық екі арыстанды заңсыз ұстаған 2001 жылғы А. есімді азаматты әшкереледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының полициясында тіркелді. Полиция қызметкерлері тексеруден кейін экзотикалық жануарларды тәркіледі», — делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық істі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар