«Қаңтар айында көші-қон полициясы бөлімшелерінде 8238 шетел азаматы тіркелген. Оның 150-і түрлі заң бұзушылықтарға байланысты әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлайды облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Олардың арасында Түркия, Германия, Оңтүстік Корея мен Қытай азаматтары бар.
Хабарламаға сүйенсек, шетел азаматтары негізінен әкімшілік сипаттағы заң бұзушылықтар жасайды екен. Оның ішінде көші-қон заңының талаптарын бұзу фактілері жиі кездеседі.
Аталған фактілер бойынша жауапқа тартылған шетелдіктерге 850 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Оның 91,2 пайызы мемлекет пайдасына өндіріп алынжы.
Сонымен қатар, заңды бірнеше рет бұзған алты азаматты ел аумағынан шығарып жіберу туралы шешім қабылданды. Ал, шетелдік үш азамат есірткі қылмысы мен адам өлтіру фактілері бойынша қылмыстық жауапқа тартылуда, делінген хабарламада.