Алматы облысында жер сілкінісі қайталануы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жер сілкінісі қайталануы мүмкін

Алматы облысында жер сілкінісі қайталануы мүмкін

Алматы облысында қуаты 4 баллға жеткен жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың бұл жолғы ошағы көрші Қырғызстанда болған. Мұнда жер асты дүмпуінің магнитудасы 7 баллға дейін барыпты.

  • 15 Қараша 2014
  • 342
Фото - Caravan.kz

Сейсмологтардың хабарлауынша, зілзала кіндігі Алматыдан 130 шақырым жердегі Ыстықкөл облысының Жеті-Оғыз аймағында тіркелген. Мұны таңғы 7 жарымда Алматы тұрғындары да сезді. Бүлінген, жапа шеккен ешкім жоқ. Дегенмен зілзала ошағы – Ыстықкөл аймағында ондаған тұрғынүйге зақым келіпті. Қазір Қырғызстан Төтенше жағдайлар қызметі шұғыл штаб құрып, шығын көлемі есептелуде. Жедел сақтық шарасы біздe де қолға алынған. Себебі дүмпі тағы қайталануы мүмкін деген болжам бар. Жер сілкінісі соңғы рет Алматыда былтыр қаңтарда тіркелген. Ол кезде магнитудасы 6,6 баллға жеткен еді.


Нұрлан Мадияров, Алматы қалалық ТЖД бастығының орынбасары:

-Қазір бізде сақтық шарасы күшейтіліп жатыр. Оған водмостоваралық барлық құрылымдар кіргізілген. Бірлесіп аймаққа маниторинг жүргізіп шықпақпыз. Өздеріңіз білесіздер Алматы табиғы құрылымы жағынан сейсмикалық өңір санатында. Дүмпулер жиі тіркеліп тұрады.