Жарияланды: 380

Алматы облысында жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

Астана. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Талғар ауданында Алматы облысындағы Бесқайнар - Алматау тас жолының 14-ші шақырымында 13 тамызда сағат 13.20-да "Лексус" көлігінің жүргізушісі бөгетті соқты, соның салдарынан көлік көпірден құлап, аударылып кетті. Соның салдарынан 16-18 жастағы бір бозбала қаза тауып, 4 жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін