Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ мәліметінше, Алматы облысының Жамбыл ауданында Алматы - Бішкек тас жолының 63-ші шақырымында 17 қыркүйекте сағат 13.05-те "Ауди" көлігінің 35 жастағы жүргізушісі көлігін аударып алды.
Соның салдарынан оның көлігінде отырған екі жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін