Алматы облысында жұрт құрылысшыларға қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жұрт құрылысшыларға қарсы шықты

Алматы облысында жұрт құрылысшыларға қарсы шықты

Үйлері Баянауылдағыдай бүлінбесе де Талғар тұрғындары да өмірлері үшін алаңдаулы. Мұндағы жұрт бірінші қабаттағы күрделі жөндеу жұмыстарына наразы. Бетон құрастырмалардың қиратылуынан пәтерлері теңселіп, ұйқыдан айрылыпты. Бұлай жалғаса берсе бес қабатты үй құлайды деп отыр олар.

  • 18 Шiлде 2015
  • 356
Фото - Caravan.kz

Ардақ Әліқұлова, Талғар қаласының тұрғыны:

-Жатын бөлме жарылып жатыр. Енді не түн ұйықтамаймыз, не күн ұйықтамаймыз.

Жұрт пәтерлердегі  осындай жарықшақтардан қорқады. Өйткені негізгі тіреулерді бұзып-жарып, күрделі жөндеуді бастаған бірінші қабат иесінің кесірінен, ғимараттың іргетасы үгітіле бастаған. Тұрғындардың сөзіне құлақ аспаған қалталы азаматты тоқтатуға полицейлер мен әкімдіктегілер де қауқарсыз. Шағымдары үнемі жауапсыз қалатын жұрт бүгін Талғар қаласының әкімімен бетпе-бет жүздеспек болды. Бірақ шенеунікті әдеттегідей жұмыс орнынан табу мүмкін емес. Ал басқа қызметкерлер жөн сұрасуға да жараған жоқ.