Алматы облысындағы 3-ші жылу электр орталығында 4 тонна техникалық күкірт қышқылы төгілді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.49
  • 552.59
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысындағы 3-ші жылу электр орталығында 4 тонна техникалық күкірт қышқылы төгілді

Алматы облысындағы 3-ші жылу электр орталығында 4 тонна техникалық күкірт қышқылы төгілді

Алматы облысындағы АПК компаниясына қарасты 3-ші жылу электр орталығының құбыры тесілу салдарынан 4 тонна техникалық күкірт қышқылы төгіліп қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Маусым 2005
  • 495
Фото - Caravan.kz

Апат таңертеңгі 7 сағат 30 минутта құбырмен қышқыл жіберген кезде болған. Министрлік ақпаратына сәйкес, ақау 15 сағат 20 минутта қалпына келтіріліп, төгілген қышқыл бейтараптандырылды.

Министрліктің хабарлауынша, төгілген қышқыл қоршаған ортаға, жылу орталығының қызметкрлері мен тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізген жоқ.