Алматы облысындағы Көкдала ауылында 77 үй мен орта мектепті жайылма су алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысындағы Көкдала ауылында 77 үй мен орта мектепті жайылма су алды

Алматы облысындағы Көкдала ауылында 77 үй мен орта мектепті жайылма су алды

Астана. 29 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысындағы Көкдала ауылында 28 ақпанда ұзаққа созылған нөсер, қардың шұғыл еруі мен бас арнаның жарылуы салдарынан жайылма су 128 отбасы тұратын 77 үй мен орта мектепті алып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 29 Ақпан 2008
  • 475
Фото - Caravan.kz

«Халықтың бір бөлігі (330 адам) Ескелді ауылына көшіріліп, туыстары мен ауылдық мектепте орналастырылды. Бас каналдың жарылған жерін бітеу, ауылдан суды бұрып жіберу жұмыстары жүргізілуде», -деп хабарлайды ТЖМ.

Төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға 131 адам мен 39 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ-нің 91 адамы мен 18 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті