Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік өзенінде су электр станциясы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік өзенінде су электр станциясы ашылды

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік өзенінде су электр станциясы ашылды

Алматы. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Ескелді би аудандарында екі жаңа су электр станциясы іске қосылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Қараша 2008
  • 1249
Фото - Caravan.kz

Есік өзенінде «Энерго-Әлем» ЖШС салған бірінші станция іске қосылғаннан кейін, жылына 5,1 МВт қуат өндіретін болады. Жобаның құны — 4,5 миллион АҚШ доллары.

Ал Қаратал өзенінде «АСПМК 519» ЖСШ тұрғызған екінші станцияның қуаты 4,4 МВт құрайды. Оның индикативтік құны — 7,1 миллион АҚШ долларына тең.

Бұл екі станцияның құрылысын аталмыш компаниялар несиелік қаржы тарту есебінен өз қаржысына салып отыр.

Жаңа екі станцияны іске қосу рәсіміне қатысу үшін Алматы облысына Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев келді.

Алматы облысын электрмен жабдықтаудың 50%-дан астамы Жамбыл мемлекеттік аймақтық электр стансысы жеткізіліміне, үнемі өсіп келе жатқан қажеттіліктің орнын толтыра алмайтын ҚР солтүстік облыстары мен Қырғызстанның энергия көздеріне тәуелді.

Еңбекшіқазақ және Ескелді аудандарындағы екі су электр стансасы іске қосылғанда электр энергиясының тапшылығы едәуір қысқарады. Бұл туралы станцияны іске қосқан кезде Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов айтты.

Облыс әкімінің айтуынша, ағымдағы жылдың басында Ақсу өзенінде қуаты — 2 МВт, Есік өзенінде — 5 МВт және Қаратал өзенінде — 4,4 МВт су электр стансылары іске қосылды.

«Бұл 28 шағын су электр станциясын орнату жөніндегі облыстық бағдарлама аясында жүзеге асырылып отырған жұмыстың басы», — деп атап өтті С.Үмбетов. Қазір 2009 жылы іске қосылатын тағы үш шағын СЭС салынып жатыр, 2010 жылы бұған қосымша төрт СЭС салынбақ.

Өз кезегінде ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мемлекеттің қатысуымен және Қытай даму банкінің қаражатын тарту арқылы «Самұрық» холдингі арқылы салынып жатқан 2012 жылы іске қосылатын қуаты 300 МВт Шарын өзеніндегі Мойнақ СЭС құрылысын да атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар