Алматы облысының құтқарушылары қар құрсауынан 800-ге жуық адамды құтқарды
Алматы облысында 2012 жылдың 23 қарашасынан 2013 жылдың 6 қаңтарына дейінгі кезеңде 782 адам қар құрсауынан құтқарылды, оның ішінде жүргізушілер мен жолаушылар бар, сондай-ақ 274 бірлік көлік құралдары шығарылды. |
Әсіресе Алакөл ауданында Үшарал-Достық күрежолында ең күрделі жағдай қалыптасты. Қысқа маусым басталғаннан бері ауыр жүк машиналары мен жеңіл автомобильдер үшін қозғалысқа санаулы күндер ғана ашық болды. Ақсу, Райымбек, Кербұлақ, Ескелді және Еңбекшіқазақ аудандарында бұрқасын мен жолды қар басып қалуы, көктайғақ және көрінуі нашарлауынан барлық көлік түрлері үшін көлік кептелістері жиі орын алды. Қозғалысты шектеу Алматы-Өскемен және Алматы-Көкпек-Көктал сияқты республикалық маңыздағы жолдармен қатар жергілікті жолдарда да болды.
Аймақ құтқарушылары мен жол полициясының қызметкерлері барлық жүргізушілерге ауа райы бұзылған жағдайда өзінің елді мекенінен алысқа ұзап шықпауды ескертеді. Егер жол қозғалысының қатысушылары қар құрсауына ұшыраса:
- Алматы облысы ТЖД құтқару қызметіне, 112-телефонымен;
- Алматы облыстық жол басқармасына, 102 немесе (8-7282) 22-43-61 телефонымен;
- «Қазавтожол» облысық филиалына, тел. (8-7273) 88-36-13 немесе (8-7282) 95-80-09 телефондары арқылы хабарласуды сұрайды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін