Бұл жиында мал төлдету науқанының қорытындысы шығарылды және үздік малшылар марапатталды.
Атап айтқанда, биылғы көктемде мал төлдетуде және жүн қырқуда жоғары көрсеткішке қол жеткізген «Тау самалы» шаруашылығының аға шопаны М.Тұрысбеков демеушіден су жаңа «Жигули» көлігінің кілтін алды.
Жайлаудағы жиын бәйге, көкпар, «қазақша күрес» сияқты ұлттық спорт жарыстарымен аяқталды.