Алматы облысының тұрғыны 19 шеге жұтып қойған - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының тұрғыны 19 шеге жұтып қойған

Алматы облысының тұрғыны 19 шеге жұтып қойған

Алматы облысы Қарасай ауданы тұрғынының аш ішегінен 19 шеге шықты. 

  • 22 Ақпан 2023
  • 38
Фото - Caravan.kz

Шизофрениямен ауыратын 39 жастағы ер адамның аш ішегінен ұзындығы 10 см болатын барлығы 19 шеге алынған. Науқас шеге жұтып қойған соң тек төртінші күні ғана дәрігер көмегіне жүгінген. Шұғыл түрде ота жасалды, қазір оның жағдайы қалыпты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр 12 қыркүйекті науқас дәл осылай шеге жұтып қойып, тек үшінші күн дегенде дәрігерлерге қаралған. Оның айтуынша, ашуланып осылайша суицид жасамақ болған. Ол кезде де ұзындығы 10 см болатын 14 шегені дәрігерлер алып тастаған. Отадан соң науқас құлан-таза сауығып, ауруханадан шығарылған.