Жарияланды: 880

Алматы облысының Жаңа Текес ауылында нөсер жауын салдарынан сел жүрді

Алматы облысы Райымбек ауданының Жаңа Текес ауылында 21-шілде күні кешкісін нөсер жауын салдарынан қайтадан сел жүрді,- деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметі. Сел екі сағатқа жалғасқан.

Сел салдарынан Текес-Сарыбастау автожолы бүлініп, жол жабылды. Кабельдік желі қайтадан бүлініп, 34 үйдің бақшалары мен қоршаулары істен шықты. Ауылда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Жаңа Текес ауылында 8-мамырда тағы да сел жүрген болатын. Биіктігі 1,5-2,0 метрге жеткен су тасқыны салдарынан ауылдағы 64 үйдің тең жартысына ақау келді. Көшелер мен аулаларда 1 мертлік тұнба-қорыс пен лай-батпақ түзіліп, Текес-Сарыбастау автожолының 1 шақырымы мен 5 инженерлік қондырғы істен шықты. Кеген-Нарынқол бағытындағы жол жарым-жартылай суға шайылып кетті. 75 гектардағы күздік бидай шайылды. Сел тасқынының негізгі бөлігі жүріп өткен жерде тереңдігі 2,5 метрлік, ені 30 метрлік арна пайда болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін