Алматы Олимпиада астанасы атана ма?
2022 жылы ақ ойындарды қабылдайтын қаланың анықталуына санаулы сағаттар қалды. Ертең Малайзия астанасы Куала-Лумпурде Халықаралық олимпиада комитеті өз таңдауын атауы тиіс. Үміткерлер саны екеу ғана – Алматы мен Бейжің. Бүгін туған қалаларының кандидатурасын қолдап алматылық жастар флеш-моб ұйымдастырды. |
Соңында көкке үрлемелі шарлар ұшырды. Осылайша жастар «ақ ойындардың» Алматыда өтуін бірауыздан қолдап отыр. Оңтүстік астананың мүмкіндігін Халықаралық Олимпиада комитеті де жоғары балапты. Бүгінде қалада жарысқа қажетті нысанның 70 пайызы бар. 2017-ші жылғы Универсиадаға дейін тағы екі алаңның құрылысы аяқталмақ. Халықаралық Олимпиада комитеті өз таңдауын енді ертең жасауы тиіс.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін