Алматы өңірлік қаржы орталығы GFCI рейтингіне енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы өңірлік қаржы орталығы GFCI рейтингіне енгізілді

Алматы өңірлік қаржы орталығы GFCI рейтингіне енгізілді

Алматы өңірлік қаржы орталығы The Global Financial Centres Index 15 (GFCI) енгізілді. Ол халықаралық 83 орталықтың арасында 58-ші, азиялық орталықтар ішінде 13-ші орын иеленді, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

  • 4 Сәуiр 2014
  • 764
Фото - Caravan.kz

Рейтинг GFCI – халықаралық қаржы орталықтарының қызметін рейтинг арқылы бағалау әдісі. Z/Yen Group Limited компаниясының штаб-пәтері Лондонда орналасқан. Сонымен қатар, әлемнің түпкір-түпкірінде 300-ден астам сарапшысы бар.

Аталған рейтингті қалыптастыру барысында адами фактор, бизнес ортасы, рыноктың қолжетімділігі, инфрақұрылым мен жалпы бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері есепке алынады.