Жарияланды: 510

Алматы өрт сөндірушілері кез-келген биіктіктегі ғимараттардан адамдарды құтқаруға дайын - Төтенше жағдайлар департаменті

Алматы өрт сөндірушілері кез-келген биіктіктегі ғимараттардан адамдарды құтқаруға дайын - Төтенше жағдайлар департаменті

Алматы. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Алматы өрт сөндірушілері кез-келген биіктіктегі ғимараттардан адамдарды құтқаруға дайын. Бұл туралы бүгін "Алматыдағы биік нысандардағы қауіпсіздік" атты халықаралық конференция аясындағы баспасөз мәслихатында Алматы қалалық өртке қарсы күрес қызметінің бастығы Сергей Дырин мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Алматы гарнизоны кез-келген күрделіліктегі өрттерді сөндіру міндеттерін шеше алады. 17 қабатқа дейінгі биіктікте жұмыс істей алатын арнаулы техника бар. Сонымен бірге, өрт сөндірушінің дербес жабдықтары, тасымалданатын арнаулы сатылар бар, олармен сыртқы қабырға арқылы өрмелеуге болады. Сонымен бірге ол ғимараттардың ішінде арнаулы тыныс алдыратын аппараттардың көмегімен жұмыс істей алады", - деді С. Дырин. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін