Бишімбаев пен Байжановқа 10 мамыр үкім шығуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаев пен Байжановқа 10 мамыр үкім шығуы мүмкін

Бишімбаев пен Байжановқа 10 мамыр үкім шығуы мүмкін

Айыпталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа мамыр мерекелерінен кейін үкім шығуы мүмкін.

  • 6 Мамыр
  • 56
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін, 6 мамырда Бишімбаев пен Байжанов соңғы сөзін айтқаннан кейін судья Айжан Көлбаева үзіліс жариялады. Келесі отырыс 10 мамыр сағат 10.00-де өтеді. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, келесі рәсімдер – алқабилердің сұрақтарын іріктеу және үкім шығару.

Кулуарларда жәбірленуші тараптың адвокаты сұрақтарды іріктеу қанша уақытқа созылуы мүмкін екенін айтты.

«Бұл алқабилердің кеңесу бөлмесінде қанша уақыт отыратынына байланысты. Менің ойымша, 10 күні жарты күн сұрақтарды дайындауға кетеді, өйткені сұрақтарды дайындау кезінде қорғаушы тарап пен біздің арамызда дау болатыны сөзсіз. Қалай болғанда да, судья оны реттеп отырады, ал қалғанын алқабилер шешеді. Ол сол күні шешім қабылдауы мүмкін немесе сот барысында айтылған материалдарды одан әрі зерттеу үшін уақыт қажет болуы мүмкін. Менің ойымша, оған кемінде бір күн кетеді», – деді Игорь Вранчев.

Айта кетейік, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысында Бишімбаев пен Байжанов соңғы сөздерін айтты. Бишімбаев өзіне тағылған айыпқа байланысты желілер мен БАҚ-та түрлі жалған ақпарат таралғанын және бұл үшін ақша төленгенін ескертсе, Байжанов Салтанаттың отбасынан тағы да кешірім сұрады.

Соңғы жаңалықтар