Алматы - Петропавл пойызында ер адам қызды зорламақ болған - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы - Петропавл пойызында ер адам қызды зорламақ болған

Алматы - Петропавл пойызында ер адам қызды зорламақ болған

Алматы - Петропавл пойызында ер адам қызды зорламақ болған.

  • 13 Ақпан 2023
  • 20
Фото - Caravan.kz

6637 әскери бөлімінің әскери қызметкері майор Еркін Жантурин жолаушылар пойызында қызды қорлауды жоспарлаған ер адамды ұстады, — деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 ақпанда сағат 18.00 шамасында "Алматы-Петропавл" бағыты бойынша жолаушылар пойызында кезекті іс-сапардан оралған майор Еркін Жантурин көршілес купеден көмекке шақырған қыздың айқайын естіді. Дыбыс шыққан купеге жақындағанда, біреудің купенің ішінде есікті әдейілеп жауып тұрғанын байқайды. Есікті күшпен ашса, ол бұрышта үрейленіп отырған қызды көреді. Ол қыз баланы қорлауға тырысқан.

Офицер ер адамды ұстаған. Ал қыздың айтуынша, онымен бірге бір купеде келе жатқан ер адам оған таныс емес екен. "Сарышаған" станциясындағы аялдамадан оны полиция қызметкерлеріне тапсырды.


Еркін Жантурин

"Оқиға кешкі уақытта болды. Мейрамхана вагонынан кешкі ас ішкеннен кейін купеге келіп, тынығайын деп жатқаным сол еді, жас қыздың көмек сұрап, айғайлаған дауысын естідім. Купеге кірген кезде ер кісінің қызды қорлауға тырысып жатқанын байқадым және оны дереу ұстадым, — деді майор Еркін Жантурин.

Қарағанды облысының 36 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар