Алматы ПИК-теріне жарты миллин көлемінде айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы ПИК-теріне жарты миллин көлемінде айыппұл салынды

Алматы ПИК-теріне жарты миллин көлемінде айыппұл салынды

Алматыда ауладағы қарды дұрыс тазаламағаны үшін Пәтер иелері кооперативіне (ПИК) 581 528 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

  • 12 Желтоқсан 2014
  • 401
Фото - Caravan.kz

Қалалық аталған басқарма аудандық әкімдіктер, СЭС өкілдері 10 желтоқсаннан бастап, аулаларда қарды тазалау жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын бақылаған болатын.

Рейд нәтижесінде 10 желтоқсанда қаладағы 27 ПИК-ке 301876 теңге көлемінде, 11 желтоқсанда 24 ПИК ұжымына 279 652 сомасында айыппұл салынды.

Енді осы екі күн ішінде аула арасындағы қарды тазалауда белсенділік танытпаған қалалық ПИК-тер жарты миллион теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанның 7-сінен 8-іне дейін үздіксіз жауған қар Алматыны біраз әбігерге салған болатын. 


«Қазселденқорғау» ММ мәліметінше, таулы аймақтарда түскен қардың қалыңдығы 60 см-те жетсе, ойпатты жерлерде 34-41 см-ге жетті.