Алматы полициясы автобөлшек сататын Car city орталығын қоршап алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы автобөлшек сататын Car city орталығын қоршап алды

Алматы полициясы автобөлшек сататын Car city орталығын қоршап алды

Полиция қоршалған орталықтағы барлық саудагердің құжаттарын тексеріп жатыр. Тауардың рұқсаты бар-жоғына баса назар салынып отыр.

  • 26 Шiлде 2018
  • 45
Фото - Caravan.kz

Алматы полициясы тексеріс барысында Car city орталығын қоршап тастады. Бұл жерде автобөлшек сататын саудагерлердің бірі ұсталды, деп хабарлайды Today.kz оңтүстік астананың баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап. 

Полиция қоршалған орталықтағы барлық саудагердің құжаттарын тексеріп жатыр. Тауардың рұқсаты бар-жоғына баса назар салынып отыр. 

Салтанат Әзірбектің айтуынша, 26 шілдеге қараған түні базардағы сатушылардың бірі ұсталған. 

"1990 жылы туған жігіт Алматы облысы Алакөл ауданының тұрғыны. Ол ұрланған затты сатып алғаны үшін тергеліп жатыр. 

Қолында 15 автокөлік айнасы болған. 

Қазір полиция заттардың шығу тегін анықтауда. Ұсталған адам ұрланған затты сатып алғанын мойындады", – деді Салтанат Әзірбек. 

"Құқықтық тәртіп" оперативті-профилактикалық шарасының аясында өткізіліп жатқан тексеріс мегаполис автобазарларын екінші күн қатарынан аралап отыр. Оған қалалық ішкі істер департаментінің 300 қызметкері мен Ұлттық гвардияның сарбаздары жұмылдырылды. 


25 шілдеде тәртіп сақшылары "Жібек жолы" базарын тексерді. Оны 29 шілдеге дейін тексермек.

Оперативті-профилактикалық шара қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасынан кейін іске қосылды. Денис Тен автокөлігінің айнасын шешіп жатқан екі ұрының үстінен түсіп, жанжал барысында пышақталып қайтыс болған еді. 

Соңғы жаңалықтар