Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің хабарлауынша, Мойынқұм АІІБ-ында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімнің инспекторы болып жұмыс істейтін 21 жастағы полиция лейтенантына қарулы шабуыл өткен жексенбі күні сағат 15 пен 16-ының арасында Әуезов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында жасалған.
Қарнынан жараланған офицер «жедел жәрдем» көлігімен 4-ші қалалық клиникаға жеткізілді. Жараланған жері медициналық өңдеуден өткізілген соң, дәрігерлер оған ауруханадан шығуға рұқсат берген, дейді дереккөз.
Болған қақтығыс бұзақылық деп бағаланып отыр.