Алматы полициясы полиция қызметкерін тапаншадан оқ атып, жарақаттаған бұзақыны іздеп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы полиция қызметкерін тапаншадан оқ атып, жарақаттаған бұзақыны іздеп жатыр

Алматы полициясы полиция қызметкерін тапаншадан оқ атып, жарақаттаған бұзақыны іздеп жатыр

Алматы полициясы Жамбыл облысынан келген тәртіп сақшысына травматикалық тапаншадан оқ атқан бұзақыны іздеп жатыр.

  • 27 Маусым 2011
  • 355
Фото - Caravan.kz

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің хабарлауынша, Мойынқұм АІІБ-ында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімнің инспекторы болып жұмыс істейтін 21 жастағы полиция лейтенантына қарулы шабуыл өткен жексенбі күні сағат 15 пен 16-ының арасында Әуезов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында жасалған.

Қарнынан жараланған офицер «жедел жәрдем» көлігімен 4-ші қалалық клиникаға жеткізілді. Жараланған жері медициналық өңдеуден өткізілген соң, дәрігерлер оған ауруханадан шығуға рұқсат берген, дейді дереккөз.

Болған қақтығыс бұзақылық деп бағаланып отыр.

Соңғы жаңалықтар