Алматы полициясы қарақшылар мен полицейлер арасында болған атыс туралы түсінік берді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы қарақшылар мен полицейлер арасында болған атыс туралы түсінік берді

Алматы полициясы қарақшылар мен полицейлер арасында болған атыс туралы түсінік берді

Алматы полициясы кеше кешке полицейлер мен қарақшылар арасында болған атыс туралы толығырақ түсініктеме берді. 

  • 26 Маусым 2015
  • 684
Фото - Caravan.kz

Тергеу барысы көрсеткендей, Шығыс Қазақстан облысының тумасы болып шыққан екі ер адам кәсіпкерге қарулы шабуыл жасауға ұмтылған екен. Полицейлер көлігін қоршап алған соң олар қарулы қарсылық көрсеткен. Салдарынан олардың бірі оқ тиіп, сол жерде қаза болды.

Екіншісі қылмыс болған жерде ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бұл азаматтар осыған дейін бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасаған.


Олардың көлігінен карабин, револьвер, травматикалық тапанша табылды. Бұл қарулар заттық айғақ ретінде сараптамаға жіберілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 24 және 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.