Алматы полициясының компьютерлік жүйесі вирустың шабуылына ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясының компьютерлік жүйесі вирустың шабуылына  ұшырады

Алматы полициясының компьютерлік жүйесі вирустың шабуылына ұшырады

Алматы. 15 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы полициясының компьютерлік жүйесі вирустың шабуылына ұшырады. Бұл жөнінде агенттікке қалалық Ішкі істер департаметінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 15 Қараша 2007
  • 458
Фото - Caravan.kz

«13 қарашада вирустың шабуылынан Алмады ІІД компьютерлік жүйесі істен шықты. Соның салдарынан, қалалық ІІД қызметі мен оның бөлімшелерінің қызметінде кідірістер туындады», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

13 и 14 қарашада Жол полициясы басқармасы азаматтардың көліктерін есепке алу және есептен шығару, сенім хатпен көлік жүргізушілерін тіркеуге алу, көлік қужаттарын тапсыру және техникалық тексерулерді өткізу жұмыстары тоқтап қалды.

Баспасөз қызметі мәлімдегеніндей, екі тәулік бойы департамент қызметкерлері техникалық ақаулықтардың себебін анықтап, оның салдарын жоюға бірқатар жөндеу жұмыстарын атқарды.

Қажетті техникалық- тексерулер өткізілгеннен кейін, мамандар техникалық құралдарды іске қосып, компьютерлік жүйелер қайта жанданатын болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті