Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы сәбилердің шетінегенін жасыру деректерін растады
Алматы. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы сәбилердің шетінегенін жасыру деректерін растады. Бұл туралы Алматы әкімдігінде өткен жиналыс барысында қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Зәуреш Аманжолова мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. |
"Бірінші қалалық клиникалық ауруханада ғана сәбилер шетінеуін жасырудың 22 оқиғасы анықталды", - деді З. Аманжолова. Ол сондай-ақ, бұл жағдай басшылардың жеткілікті дәрежеде бақылау жасай алмай отырғандығының, мамандар біліктілігінің төмендігінің айғағы екендігін атап көрсетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін