Жарияланды: 460

Алматы қалалық ІІД-іне Алматы халықаралық әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар келді

Астана. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық ІІД-іне Алматы халықаралық әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар жетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, кеше сағат 06.52-де ІІД пультіне Алматы халықаралық әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын хабар жетті. Әуежай ғимаратынан 1500 адам сыртқа шығарылды. "Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ", - делінген ТЖМ хабарламасында. Бұдан кейін 18.50-де "03" қызметіне Алматы халықаралық әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын хабар қайта келді. 1200 адам тағы да сыриқа шығарылды. Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін