Алматы қалалық ІІД-іне бір университет ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті
Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық ІІД-іне бір университет ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ мәліметінше, 16 қыркүйекте 13 сағат 25 минутта Ішкі істер департаментіне Алматының Әуезов ауданы Жетісу-1 ықшамауданында орналасқан Қазақ жол қатынастары университетінің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын хабар келіп түскен.
Жүргізілген арнаулы іс-шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды ТЖМ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін