Жарияланды: 510

Алматы қалалық Ішкі істер департаментіне бір университет ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті

Астана. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық Ішкі істер департаментіне бір университет ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 26 қарашада сағат 12.20-да ІІД кезекші пультіне Алмалы ауданында Төле би көшесінде Алматы технологиялық университетінің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті. 2700 адам сыртқа шығарылды. Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін