Алматы қаласы мен Алматы облысында кешкі уақыттарда электр қуатын беруді шектеу жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласы мен Алматы облысында кешкі уақыттарда электр қуатын беруді шектеу жоспарлануда

Алматы қаласы мен Алматы облысында кешкі уақыттарда электр қуатын беруді шектеу жоспарлануда

Алматы. 11-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласы мен Алматы облысында алдағы 10 күнде 18.00-ден 22 сағатқа дейін электр қуатын беру шектелуі мүмкін, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Алматыэнергосбыт" мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 351
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Алматы қаласы мен Алматы облысында ауа райының суытуына байланысты электр қуатын пайдалану 150 МВт өскен. Алматының электр станциясы мен Жамбыл ГРЭС толық қуаттылықпен жұмыс істеуде. Күн райының суытуына байланысты Қырғызстаннан жақын уақытта электр қуатын тасымалдау жоспарланбай отыр. Қазақстанның оңтүстігінде электр қуатының резерв көздері жоқ.

«Алматыэнергосбыт» мекемесі электр желілері мен қуат көздерінде апаттардың болуының алдын алу үшін Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарының электр қуатын үнемдеулерін және де пайдаланылмай тұрған тұрмыстық және жарық беру құралдарының барлығын өшіруді сұрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті