Жарияланды: 480

Алматы қаласында ана мен бала өмірін сақтау қызметінің жұмысын жетілдіру мақсатындағы профилактикалық бақылаулар жүргізілуде

Алматы. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласын реформалау және дамыту жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған бағдарлама бойынша Алматы қаласында ана мен бала өмірін сақтау қызметінің жұмысын жетілдіру мақсатындағы профилактикалық бақылаулар жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлә Кеңесбаеваға сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылдың 9 айының нәтижесі бойынша сүт безінің рак дертін анықтау үшін биыл профилактикалық тексеруден 43834 әйелді өткізу жоспарланып, оның 83,8% қаралды (республикалық көрсеткіш -75,0%). Сүт безі ауруларын айқындау үшін 9114 әйелге маммографиялық зерттеулер жасалды, бұл жалпы қаралғандардың 24,8% (республика бойынша - 8,1%). Алматыда 9 айдың нәтижесі бойынша сүт безі рагымен ауыратын 62 адам анықталған, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін