Жарияланды: 1800

Алматы қаласында ауадағы оттегі құрамы сындық дәрежеге жақындап келеді - экологтар

Алматы қаласында ауадағы оттегі құрамы сындық дәрежеге жақындап келеді - экологтар

Алматы. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласында ауадағы оттегі құрамы сындық дәрежеге жақындап келеді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның қауымдастықтары кәсіпорындарының "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов хабарлады.

"Егер 1950-жылдары ауадағы оттегі құрамы 21 пайыз болса, қазір 17 пайыз. Осындай мәліметтерді осыдан бірнеше жыл бұрын "Қазгидромет" ұсынған болатын. Алайда, одан бері көп нәрсе өзгерген жоқ. Жоғарғы биіктік жағдайында альпинистер жоғарыға өрлеген сайын тау ауруы асқына бастайды. Ол оттегі жетіспеушілігінен туындайды. Бұл оттегінің құрамы 16 пайызға тең болғанда кездеседі. Осы жайында әлі ойлану керек", - деді ол. Ауа сапасының төмендеуінің басты себептерінің бірі ретінде М. Елеусізов қаланың биік ғимараттармен қоршалуын атады. Тау мен жазық дала арасындағы ауа айналымы самалдың (бриз) арқасында ауа алмасу болып тұрады. Оның үстіне көліктер қаншама зиянды заттардың қалдығын шығарады. Міне, осының барлығы біздің тыныс жолдарымызға жол тартады", - деп атап көрсетті ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть