«Биыл Алматыда 156 үй пайдалануға беріледі. Осылайша, біз 10 мың адамды баспанамен қамтамасыз етпекпіз. Сонымен қатар, екі жылдан бері қалада ескі баспаналарды қалпына келтіру бағдарламасы жүргізіліп келеді. Аталмыш бағдарлама арқылы 7 ескі үйді қалпына келтірдік. Биыл сол үйлердің қатарына 21 үй қосуды жоспарлап отырмыз», — деді қала басшысы.
Сондай-ақ А.Есімов 3 мың алматылықтың тұрмыстық жағдайының жақсарғанын да атап өтті.