Жарияланды: 600

Алматы қаласының әкімі аудандық әкімдіктерде үй кезегінде тұрғандарға пәтер кілттерін тапсырды

Алматы. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бүгін қала әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан сонау 1981 жылдан бері он жыл бойына аудандық әкімдіктерде үй кезегінде тұрғандарға пәтер кілттерін тапсырды. Бұл қуанышты шара Қала және Мұғалімдер күніне орайластырылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім жүйесі , БАҚ, қалалық қызмет көрсету орындарының өкілдері, көп балалы отбасы, ардагерлер, мүгедектер, жалпы саны 21 адам пәтер ордерлерін алып, қуанышқа кенелді. Жыл басынан бері Алматының әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтарына 137 пәтер бөлінген болатын. Пәтер ең алдымен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, көп балалы жанұяға, мұғалімдер мен дәрігерлерге және басқа да тұрғын үйге өте зәру жандарға беріледі. "Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету қашанда мемлекеттің басты назарында. Біз болашақта қала тұрғындарының тұрғын үйге деген сұранысын толық қанағаттандыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді Ахметжан Есімов. Пәтерге ие болған жандар қала және ел басшылығына көрсеткен көмек, қолдаулары үшін алғыстарын айтты. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін