Жарияланды: 720

Алматы қаласының әкімі қаланың сумен қамтамасыз ету ахуалы мен "Водоканал" МКМ-нің дамуына қатысты мәслихат өткізді

Алматы. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов кеше қаланың сумен қамтамасыз ету ахуалы мен "Водоканал" МКМ-нің келешектегі дамуына қатысты мәслихат өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Водоканал" МКМ-нің бас директоры Анатолий Прокудин әкімге және мәслихат қатысушыларына мекеменің мәселелерін, ауыр қаржы-экономикалық ахуалын, кадрлар ағымын, коммунакциялардың ауыр техникалық жағдайын, арнаулы техникамен нашар жабдықталғандығын және басқа да мәселелерді қамтыған мәлімдеме жасады. Өз кезегінде Алматы қаласының әкімі "Водоканал" МКМ-нің жұмысына, соның ішінде басқару мәселесіне қатысты сын айта келе бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтсақ, қаржы, энергетика және коммуналды шаруашылығы басқармаларына мекеме жұмысының егжей-тегжейлі талдауын жасау, басқарма жүйесін қайта қарастыру; Алматы қаласының сумен қамтамасыз ету жүйесі және су құбырларының техника-экономикалық жағдайының 2020 жылға дейінгі дамуының зерттеме жұмыстарын бітіру, Су айналымының Шығыс және Оңтүстік су құбырларының жоба-сметалық құжаттарын аяқтау, сумен қамтамасыз ету желілерін күрделі жөндеуден өткізу және салу міндеттелді. ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне үстіміздегі жылдың қыркүйек айына дейін әр бөлек тарифтер мәселесі бойынша жұмыс жасау жүктелді. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына "Водоканал" МКМ-нің сұранымына сәйкес тез қаржыландыруды талап ететін іс-шараларға, соның ішінде су құбырлары мен су кешендерінің жобалық жұмыстары, Алматы қаласы энергетикалық кешенінің дамыту мен жаңашаландыру бағдарламасын "Водоканал" МКМ-нің бөлімі бойынша жүзеге асыруға қаржы бөлу тапсырылды. Мәслихатты аяқтай отырып, әкім қатысушылардың бәріне "Водоканал" МКМ-не қайта құру мерзімін тездету үшін барлық керекті көмек пен қолдау көрсетулерін тапсырды. "Статистика көрсеткіштері бойынша 1980 жылдан бері қала 5 есеге өсті, ал су жинағыш баяғы қалпында қалды. Біз есептегіштерді қолдануды бастадық және суды дұрыс пайдалану үшін тарифтерді қайта қарастырамыз. Алайда деректер су қорының жеткілікті екенін көрсетеді, тек сумен қамтамасыз ету жүйесін ретке келтіру қажет, сонда қала тәулігіне қосымша 210 мың текше метр суды пайдалана алады. Су айналымы - келешекте қажет жоба. Сіздердің міндеттеріңіз - қаланы сумен бүгін қамтамасыз ету", - деді Ахметжан Есімов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть