Алматы қаласының Алатау ауданында қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының Алатау ауданында қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасып жатыр

Алматы қаласының Алатау ауданында қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасып жатыр

Алматы қаласының су басқан Алатау ауданында қалыпқа келтіру жұмыстары түні бойы жүргізілген және қазір де жалғасып жатыр. Апаттың салдарын жоюға ҚР ӘК құрылықтағы әскерлер әскери институтының курсанттары көмектесіп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.

  • 1 Мамыр 2016
  • 477
Фото - Caravan.kz


Жағдай тұрақталды, су толығымен кетті. Көшелерді тазартылып, Весновка өзені сағасының бойына инертті материалдары бар қапшықтар қойылып жатыр.

Су басу салдарын жоюға Алматы қаласы бойынша ТЖД, Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің 40 адамы, Азаматтық қорғанысты сумен қамту қызметінің  46 адамы, Азаматтық қорғаныстың инженерлік қызметінен  — 26 адам, Жылумен қамту қызметінің 50 өкілі, Жолдар мен көпірлер қызметінен (120 адам, 20 техника), «Алматы әкімдігі жанындағы құтқару қызметінің 109» (30 адам, 8 техника), ҚР ӘК құрылықтағы әскерлер әскери институтының курсанттары (161 адам, 5 техника) тартылды. 
Барлығы 342 адам, 13 бірлік техника жұмылдырылды.
nullnullnull