Алматы қаржы полициясы бұрынғы басшысының ісі бойынша сотталғандар аштық жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаржы полициясы бұрынғы басшысының ісі бойынша сотталғандар аштық жариялады

Алматы қаржы полициясы бұрынғы басшысының ісі бойынша сотталғандар аштық жариялады

Алматы қаржы полициясы бұрынғы басшысы, генерал Әмірхан Аманбаевтың ісі бойынша сотталған бес адам аштық жариялады, деп хабарлады іс бойынша адвокаттардың бірі Паллада Тепсаева Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Сергей Ильин, Владимир Федотов, Ринат Сүлейменов, Илья Турапин және Тамара Токуева аштық жариялады.Олар қазір СИ-18 тергеу изоляторында отыр. Сотталғандар "Жалған кәсіпкерлік" бабы бойынша айыпталған. "Біздің қорғалушыларымыз қазір бас сот талқылауының хаттамаларымен танысып жатыр, бірақ сот оларға қорғаушыларды жібермейтін қаулы қабылдады. Қылмыстық-процестік заңнамада мұндай шешім қарастырылмаған. Сот сотталғандардың құқығын шектеп отыр! Бұлай істеуге хақы болмаса да, ресми түрде осындай қаулы қабылдады", — Сергей Ильиннің адвокаты Тепсаева. Оның сөзіне сүйенсек, қылмыстық іс бойынша апелляция 29 маусымға белгіленген.

  • 12 Маусым 2017
  • 196
Фото - Caravan.kz

"Судья істі қалалық сотқа жібереді, соған қарамастан басты сот талқылауының хаттамаларымен танысуда. Сонда қалалық сотқа не жіберілді? Немесе іс апелляциялық инстанцияға жіберілген болса, олар немен танысып жатыр? Осыған байланысты аштық жарияланды. Бізді хаттамамен танысу үшін сот залына жібермей жатыр. Олар заңгер емес, қарапайым азаматтар болғасын түсіндіруімізді сұрайды. Бұл олардың конститцуиялық құқығын бұзу болып саналады", — деп атап өтті адвокат.

Адвокаттың айтуынша, аштық жеті күнге созылған.



 

Соңғы жаңалықтар