Жарияланды: 490

Алматы қаржы полициясы үлескерлерден 1 млрд 60 млн астам теңгені жинап алған BS Group компаниясының құрылтайшысына қатысты қылмыстық іс қозғады

Алматы. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің қызметкерлері үлескерлерден "Райымбек" және "Арман жолдар" тұрғын үй кешендерін салуға 1 млрд 60 млн астам теңгені жинап алған BS Group компаниясының құрылтайшысы Поминовқа қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"BS Group ЖШС-нің директоры әрі құрылтайшысы болып табылатын Поминов 2006 жылдың сәуір және қазан айлары аралығында Қазақстанның 141 азаматымен 1 млрд 60 млн 702 мың теңгеге "Райымбек" және "Арман жолдар" тұрғын үй кешендерін салуға үлестік шартқа отырған. Үлестік келісімнің шарттарына сәйкес, BS Group ЖШС директор Поминовтың атынан нысандарды 2007 жылдың 20 желтоқсанына дейін салып бітіруге міндеттеме жүктеп алған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Қаржы полициясы қызметкерлерінің анықтағанындай, тұрғын үй кешендерінің құрылысы бүгінгі күнге дейін аяқталмаған, ал үлескерлердің қаржысы мақсаттан тыс пайдаланылған. Сонымен бірге, қаржыны жинап алған кезде BS Group компаниясында ""Райымбек" және "Арман жолдар" тұрғын үй кешендерін салу жобаларын жүзеге асыруға жеткілікті активтері болмаған, сондай-ақ компания бүгінгі күнге дейін осы тұрғын үй кешендерін салуға рұқсат алмаған, құжаттарын да рәсімдемеген". Бұдан кейін белгілі болғанындай, BS Group құрылтайшысы үлескерлердің қаржысын заңдастыра бастаған. "Үлескерлерден жинап алған қаржыны заңдастыру пиғылындағы Поминов алдау және сенімді пайдалану арқылы "Корпорация Салауат" ЖШС-іне ғимарат іздеу қызметіне деп 200 млн теңге аударған. Компания берген құжаттарда атқарылған жұмыстардың актісі болмай шыққан", -деп хабарлайды баспасөз қызметі. Қаржы полициясының хабарлауынша, дәл сол күні тағы да құрылтайшысы Поминов болып табылатын "Корпорация Салауат" ЖШС 170 млн теңгені тағы да "BS Group" компаниясына жарғылық қорға жарна ретінд аударып жіберген. Қалған 30 млн теңге "BS Group" шотына аударылған. BS Group компаниясы "Сент Мари-Ком" ЖШС-імен қызмет көрсету және жұмыстарды атқару жөнінде шарт жасасқан. Келісімнің шарты бойынша, "Сент Мари-Ком" Алматыда жер телімі бар компанияны табуға тиіс болған. Сауда-саттық сомасы 42 млн 740 мың теңгеге бағаланған. BS Group сатып алатын "Көп қабатты тұрғын үй құрылысын" салу мақсатында Алматыда жер телімі бар компанияны табу қызметі үшін Поминов "Сент Мари-Ком" ЖШС-іне 40 млн 340 мың теңге төлеген. Алайда, тағы да алдыңғы жағдайдағы секілді атқарылған жұмыстардың актісі жоқ болып шықты. "Сөйтіп, BS Group ЖШС директоры Поминов көрінеу заңсыз жолмен тапқан 240 млн 340 мың теңге көлеміндегң ақшаны заңдастырып жіберген". Қаржы полициясының хабарлауынша, Поминовтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің көрінеу заңсыз жолмен табылған ақшаны заңдастыру жөніндегі 193-ші бабының 3-тармағының "в" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть