Алматы: қоймадағы өрт екі қабатты ғимараттың шатырын күлге айналдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы: қоймадағы өрт  екі қабатты ғимараттың шатырын күлге айналдырды

Алматы: қоймадағы өрт екі қабатты ғимараттың шатырын күлге айналдырды

Алматыда жергілікті кәсіпорындардың біріне тиесілі қоймадан өрт шығып, екі қабатты ғимараттың шатырын күлге айналдырды. Тілсіз жау 1200 шаршы метр аумақты шарпыған.

  • 8 Шiлде 2011
  • 427
Фото - Caravan.kz


Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, жалын түнгі бірлер шамасында тұтаныпты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жеткенімен, желдің кесірінен күш алған тілсіз жау  бес  сағаттай бой бермеген. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Жалынды ауыздықтауға 17 техника мен 60 адам жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар